Қызметі
Жобалық офис 2024 жылғы 22 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 2023 жылғы 78-сессиясында айтылған Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасын орындау мақсатында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының аумағында құрылды.

Орталық Азия Климаттық Қоры Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған Жобалық офисінің заңды нысаны болып табылады.

«Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес Жобалық офис - Жеке Қайырымдылық Қоры болып табылады.

Жарғыға сәйкес Жобалық офис - бұл оның құрылтайшысынан және кез-келген басқа тұлғадан бөлек және оның Жарғысында көзделген мақсаттарды басшылыққа алатын заңды тұлға болып табылады.
Жобалық офисін қаржыландыру Республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылмайды. Ол қайырымдылық, демеушілік көмек, гранттар және халықаралық ұйымдар мен институттарды қаржыландыру есебінен, сондай-ақ Жарғылық қызметін атқару негізінде жүзеге асырылады.

Төменде сіз Жобалық офисінің жарғылық құжаттарымен және саясатымен таныса аласыз.